Астанада 12 жасқа дейінгі спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Кішкентай футболшылар арасындағы чемпионат
774
оқылды

Үздік команда атағы үшін Қазақ­стан­ның 12 өңірінен: Астана, Шым­кент, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қы­зылорда, Жамбыл, Түркістан, Маң­ғыстау, Жетісу, Қарағанды, Қос­та­най, Павлодар облыстарынан 250-ден астам спортшы таласады. 

Астана қаласы әкімдігінің №8 ба­лалар-жасөспірімдер Олимпиа­да­лық резерв мектебінің басшысы Дін­мұхаммед Құрамаев аталмыш тур­нирге өз бағасын берді: «12 жасқа дейін­гілер арасында ұйымдас­ты­ры­лып жатқан Қазақстан чемпионаты­ның деңгейіне разымын. Жасөс­пі­рім­­дер арасында көп турнир болған са­йын, шәкірттеріміздің деңгейі ар­та­тыны сөзсіз. Маған ең ұнайтыны — 12 жасқа дейінгі футболшылар эмо­цияға ерік беріп, шынайы ойнай­ды», – деді ол. 

Турнир 17-25 тамыз аралығында «Жас батыр» стадионында өтеді.