Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Со­циа­листік Рес­пуб­­­­ликасына ресми са­пары Ба Динь алаңында орналас­қан ұлт қаһармандары мо­нументіне және Хо Ши Миннің мав­зо­лейіне гүл шоғын қоюдан басталды.
Қазақ – Вьетнам қатынастарының жаңа деңгейі
808
оқылды

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жа­риялады.

Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Мин­нің рухына тағзым етті. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми деле­га­циясы қатысты.

Сондай-ақ Ханой қаласына ресми са­­­пармен келген Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Пре­зиденті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүр­гізді.

Келіссөздер алдында Президент са­райында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Екі ел басшыларына Құрмет қарауы­лы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Вьетнамның мем­ле­кеттік әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-бірі­не ресми делегация мүшелерін та­ныстырды.

Содан кейін Қазақстан мен Вьетнам пре­зиденттері келіссөз жүргізді. Келіссөз ба­рысында сауда-экономикалық, инвес­тициялық, энергетикалық, көлік-ло­гис­ти­калық, агроөнеркәсіптік және мә­де­ни-гуманитарлық салалардағы ын­ты­мақ­тастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы қонақжайлық көр­сеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс ай­тып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті.

– Қазақстан Президенті ретінде Сіз­дің еліңізге алғаш рет сапармен келіп отыр­мын. Мен бұл сапарыма баса мән бе­ре­мін. Қазақстанда Сіздің елге және Вьет­нам халқына зор құрметпен қарай­ты­нын атап өткім келеді. Вьетнамның эко­номикалық жетістіктері елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет ара­сындағы экономикалық, саяси қаты­нас­тарға баса мән береміз және Вьетнамның эко­номикалық зор әлеуетін және оның ха­лықаралық аренадағы беделін жоғары ба­ғалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша өзара сауда-саттық жар­ты миллиард доллардан асқанына, биыл­ғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар бол­ғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 мил­лиард долларға дейін жеткізу жоспар­ла­нып отыр.

Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөз­дер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Во Ван Тхыонг екі ел ара­­сындағы ынтымақтастықты жандан­дыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі ны­ғай­туға ниетті екенін жеткізді.

– Сіздің елімізге жасаған алғашқы рес­ми сапарыңыз екі мемлекеттің дәс­түр­лі достық қарым-қатынасы мен көп­жақ­ты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенімдімін. Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте та­маша, ғажап ел, халқының қонақ­жай­лы­­ғына тәнті болдым. Вьетнам Қазақ­стан­ның дамуын және Сіздің басшы­лы­ғыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тә­жірибеңіз бен стратегиялық көре­ген­дігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақ­ты­лықты сақтауға елеулі үлес қосатыны­на сенімдімін. Вьетнам ұлт-азаттық кү­ре­сі мен мемлекеттің бірігуіне және қа­зіргі дамуына қазақ халқының көр­сет­кен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәс­түрлі достық қатынасқа зор мән бере­міз және еліңізді Орталық Азиядағы маңыз­ды серіктес санаймыз, – деді Вьет­нам Президенті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен коммюнике қабылдады. Сонымен қатар сапар ая­сында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республи­касына ресми сапары аясында SOVICO Group компаниясының басқарма төра­ғасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.

Кездесу барысында энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтас­тықтың перспективті бағыттары талқы­ланды. Мемлекет басшысы компания эко­­номиканың түрлі секторында зор тә­­жірибеге ие екенін атап өтіп, еліміз ірі ин­вестициялық жобаларды бірлесе жү­зеге асыруға мүдделі екеніне назар ау­дарды.

Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг компа­ния­ның Қазақстан аумағында сауда-ло­гис­тикалық орталығын ашуға ниеті ба­рын айтты. Бұдан бөлек, SOVICO компа­ниялар тобына кіретін VietJet Air лоукос­тері Қазақстанмен арадағы әуе қатынас­тарының санын арттыруды жоспарлап отыр.

Президент вьетнамдық компанияның алдағы жоспарларын құптап, инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыру үшін елі­міздің Үкіметі тарапынан жан-жақты кол­дау көрсетілетініне сенім білдірді. 

SOVICO Group – Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Компания энергетика, құрылыс, банк және қаржы, авиация салаларында түрлі жобаны жүзеге асырады. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 миллиард долларды құрады.

Сонымен бірге Президент Petrovietnam мемлекеттік корпорациясы дирек­торлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгпен кездесті.

Компания – Оңтүстік Шығыс Азия­ның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады.

Кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ын­ты­мақтастық перспективалары талқы­ланды.

Мемлекет басшысы мұнай мен газ өңдеу және геологиялық барлау салала­рындағы жобаларды жүзеге асыруға қы­зығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды. Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның энергетика және мұнай химиясы салала­рында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады.

Іс-сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы бүгін Президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысын­да екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, еліміз Вьет­нам­ды Оңтүстік Шығыс Азия­дағы ең бас­ты серіктестерінің бірі ретінде қарас­тырады. Президент Ханойға жаса­ған са­парының нәтижесін жоғары бағалады.

– Бүгін таңертең Президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүр­гіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қа­ты­настарымыз бен ынтымақтастығы­мыз­ды нығайтуға ықпал ететін өте маңыз­ды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Жан-жақты ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттары айқындалған Бірлескен ком­мюнике қабылдадық. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олар­дың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнам­дық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз. Вьетнам – экономи­ка­лық өсім тұрғысынан қарқынды дамып келе жатқан ел, – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін қол қойыл­ған Сауда-экономикалық ынтымақтас­тықты жедел дамыту жөніндегі үкімета­ралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл ша­руашы­лығы, транзит және туризм сияқты маңыз­ды салалар бойынша екі елдің өзара бай­ланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді. 

Өз кезегінде Вьетнам Премьер-ми­нистрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьет­намның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтті.

– Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтас­тығы­мызға берік негіз болады. Сізбен Қазақ­стан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүд­деліміз, – деді Фам Минь Чинь.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен әңгімелесу барысында Қазақстан екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беретінін айтты.

Президенттің айтуынша, Вьетнам – Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі. Екі елдің бір-бірінен үйренетіні көп.

Мемлекет басшысы Қазақстанда хал­қының игілігін арттырған Вьетнамның экономикалық даму тәжірибесіне зор құрметпен қарайтынын атап өтті. 

Президент екіжақты күн тәртібі ая­сын­да Вьетнаммен парламентаралық бай­ланыстарды дамытуға баса мән бере­тініне назар аударып, заң шығару орган­дары арасындағы өзара сапар алмасу ісін жандандыруды ұсынды. 

Выонг Динь Хюэ парламенттер ара­сындағы екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жөніндегі Президент Қ.Тоқаев­тың ұсынысын қолдады. 

– Сіздің сапарыңыз елдеріміз ара­сындағы достық қатынастарды нығайтуға деген шынайы ниетіңізді білдіреді. Сон­дай-ақ сапарыңыз алға қарай басқан маңыз­­ды қадам және Вьетнам мен Қа­зақ­стан ара­сындағы дәстүрлі әрі көп­жақ­ты ынтымақ­тас­тыққа тың серпін береді деп ой­лаймын. Сонымен қатар сіздің Парла­мент­те ұзақ жыл қызмет етіп, мол тәжіри­бе жинағаны­ңыз мәлім. Бұл біздің заң шығару органдары арасындағы ынтымақ­тастықты нығайту үшін пайдалы болады деп санаймыз, – деді Ұлттық жиналыс төрағасы.

Сапар аясында Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг­­пен кездесу өткізді. Әңгімелесу ба­ры­­сында қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ халқы вьетнам халқы мен елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өз са­парының негізгі мақсаттарының бірі барлық саладағы ынтымақтастыққа, со­­­­ның ішінде экономикалық қаты­нас­тарға тың серпін беру екенін жет­кізді. Прези­дент екі елдің көпжақты байла­ныс­­­тарын нығайту үшін бірлескен жұ­мыс­­­тарды бел­сенді жүргізуге дайын еке­­­­ніне тоқ­тал­ды. Сонымен қатар Қа­зақ­­­стан­­да жүр­гі­зіліп жатқан ауқымды саяси және эконо­микалық өзгерістер туралы айтты.

Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьет­нам арасында берік достық пен ортақ құндылықтарға негізделген тығыз әрі үйлесімді қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ Вьетнам халқы және жеке өзі Қазақстан мен оның халқына әрдайым ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

Президент сапардың бірінші күніндегі ресми кездесулерден кейін *Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды. 

Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай­-ақ Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс» атты қыс­ қаметражды деректі фильм көрсетілді. Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.

Әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО­ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.

Сонымен қатар музейден елдің тәуел­сіздігі үшін болған ұрыстарда пайдала­ныл­ған соғыс машиналары мен қарула­рын көруге болады.