Оқиға Түркістан облысында болған.
Бір әулеттен 11 адам суға кетті, үшеуінің мәйітін іздеп жатыр
3,726
оқылды

Отырар ауданында Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен 4 отбасы демалуға келіп, суға батып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әкімдіктің ресми мәліметінше, тұрғындардан бір топ адамның суға батқаны туралы хабарлама түскен. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы және еріктілер  жолданды. Бірден іздестіруге кіріскенмен.  

Өкінішке қарай, 8 адамның мәйіті судан алып шығарылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеп жатыр. Іздестіруге жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 қайық жұмылдырылды.

Төтеншеліктер мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылмау керегін ескермеген. 

Фото: syrboyi.kz