Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Тойдан қайтқан» – Сырдарияға батып кеткен 11 адам туралы мәлімет жарияланды
12,624
оқылды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқиға кеше болған. Сағат 18.00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның бесеуі бала, алтауы ересек адам болған.

«Олар бір әулеттің, яғни ағайынды және олардың балалары болды. Туыстарының айтуынша, олар тойдан қайтып келе жатып, өзен жағасында демалуды ұйғарған. Өзеннің жағалауы өте терең. Болжам бойынша, біреуі суға бата бастаған, басқалары құтқаруға талпынып, суға батып кеткен. Шомылып үлгермеген, бәрінің үстінде киім болды», – дейді әкімдік өкілі. 

Бұған дейін Түркістан облысында Сырдария өзеніне 11 адам суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Сегіз адамның мәйіті табылды. Әлі 3 адамның денесін іздеп жатыр.