Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды.
Президент Goertek кәсіпорнын аралап көрді
956
оқылды

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент жаһандық ауқымдағы технологиялық инновациялық кәсіпорынның бір бөлігі саналатын Goertek өндіріс кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электронды және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған. 

Қазір  Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді.