Шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқаны айтылды.
ҰҚК Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
1,824
оқылды

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқаны айтылды.

"Сонымен бірге  қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталып, автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында", - делінген хабарламада.