Жанашыр адамдар оның амандығына алаңдап, шетелге шақырған
Қуат Хамитов елден кетуге ұсыныс жасалғанын айтты
1,906
оқылды

Танымал спортшы Қуат Хамитов бір кездері елден кетуге ұсыныс жасалғанын айтты. Ол бұл туралы "Берен" подкастында әңгімеледі.

Оның сөзінше, жанашыр адамдар оның амандығына алаңдап, шетелге шақырған.

"Қанат Ислам, белгілі спортшы, ол да маған Америкадан хабарласты. "Бауырым, сен қазір елді білесің ғой, өте қиын. Кез келген сәтте өлтіріп кетуі мүмкін, арандатуы мүмкін, дәрі беріп жіберуі мүмкін. Жарты жыл болса да шетелге кетіп қал. Маған, Америкаға кел. Визаңа да көмектесейін, осында жүрші, сен үшін уайымдаймын" деді. Қаңтар оқиғасының алдында да, кейін де. "Елден қашуға дайын емеспін. Елден ешқайда қашпаймын" дедім", - деп еске алды ол.