Биыл 1 тамыздағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 14 702 шетелдік еңбек етіп жүр. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай, Өзбекстан, Түркиядан жұмыс іздеп келетіндер саны көбейді
3,903
оқылды

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 551 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат). Негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 452 және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда 1 751 жұмыс беруші шетелдіктерді жұмыс істетіп отыр. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл  қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 181 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 768  адам (25,6%), Өзбекстан – 2016 адам (14%), Түркия – 1 411 адам (9,5%). Үндістан – 1 391 адам (9,4%),

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп,  бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Фото: Қарағанды облыстық ПД-нан алынды