Шетел азаматтары шекараны белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰҚК Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктерді ұстады
1,777
оқылды

ҰҚК-нің мәліметінше, биыл 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдікті ұстады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған. 

17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапқа тартылды. 

Жыл басынан бері БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталды.

Фото: ҰҚК-нен алынды