Астанада жергілікті суару жүйелерін салу арқылы ағаштарды, бұталарды және гүлдерді суару сапасы жақсарады.
Астанада суару жүйесі салынады
613
оқылды

Қазір қаланың жасыл желегі екі жолмен суарылады: қолмен (суару машиналары) және автоматтандырылған суару жүйелері.

Жергілікті суару жүйелері мен ұңғымалар қаланың 56 саябағы мен алаңының аумағына орнатылды.
Бірқатар саябақтың аумағында жергілікті суару жүйелерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Суару мәселелерін Нұра-Есіл каналынан, Есіл және Ақбұлақ өзендерінен құбыр тарту, сондай-ақ терең ұңғымаларды бұрғылау жолымен шешу жоспарланып отыр.

Биыл Ақбұлақ өзенінен Сәтбаев көшесіне дейін ұзындығы 1 200 метр болатын жергілікті суару жүйесі орнатылған құбыр тартылды.
Жамбыл Жабаев ескерткіші аумағында, Тәшенов, Пушкин көшелерінде суару жүйесі орнатылды, оған Ақбұлақ өзенінен су алынады.

Сондай-ақ Ботаникалық бақтың су қоймасынан Салтанатты қақпаға дейін құрылыс-монтаждау жұмысы және Мәңгілік ел көшесі бойында құбыр тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұлы Дала және К-1 көшелерінде Нұра-Есіл каналынан су тарта отырып, магистральдық құбыр тарту жұмысы жүргізілуде.

Бұдан басқа, келер жылы 100 бірлік суару жуу техникасын сатып алу жоспарланып отыр, бұл жасыл желектерді суаруды жақсартуға мүмкіндік береді.