Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан
Абай облысында жол бойынан табылған адамды кім өлтіріп кеткені белгілі болды
855
оқылды

Абай облысының Көкпекті ауданында жол-көлік оқиғасы ізін суытпай ашылды.

5 тамыз сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің «Береговой» учаскесінен белгісіз адамның мәйіті табылды.

Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады.

Ол мас күйінде «SUBARU LEGACY» маркалы автокөлік құралының тізгінінде 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.