Азаматтар тек банк картасын пайдаланып, ақыны тек автобустың кіреберісінде төлейтін болады
Астана автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу жүйесі жойылады
3,585
оқылды

 Елордада жолаушылардың 40 пайызы автобустағы жол ақысын төлемейді. Бұл жайында Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында айтылды.

Мәслихат депутаты Владислав Сергеев қоғамдық көлікпен жиі жүретінін және жолаушылардың біразы жол ақысын төлемейтінін байқағанын айтты.

Өз кезегінде Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Тайбергенов бұл мәселе автобустарда ақы төлеу жүйесін ауыстыру кезінде шешімін табатынын айтты.

«Жол ақысын төлемейтіндер мәселесіне тоқталсақ, бұған QR-код арқылы есептесу жүйесі әсер етіп отыр. Жолаушылардың кейбірі контролер жақындаған кезде ғана жол ақысын төлеуге кіріседі. Жаңа жүйе банк картасы сияқты болады, яғни QR-код жүйесінен бас тартамыз. Азаматтар тек банк картасын пайдаланып, ақыны тек автобустың кіреберісінде төлейді. Егер QR-төлемінен бас тартсақ, банктік жүйе іске қосылса, онда жол ақысын төлемейтіндер шамамен екі есе немесе үш есеге дейін азаюы мүмкін», - деді Б. Тайбергенов.