Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады.
Халықаралық мәселелер талқыланды
870
оқылды

Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре оты­рып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері  бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақ­сы мүмкіндік екенін атап өтті.

– Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіп­сіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, эко­номикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және  де­мократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де, екі елдің мүддесіне сай келетін салаларда-ғы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек, – деді Президент.  

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында «С5+1» форматында өтетін АҚШ пен Ор­талық Азия мемлекеттері басшыларының ал­ғашқы саммитіне шақырғаны үшін Президент Джо Байденге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде сенатор Гэри Питерс Америка Құра­ма Штаттары мен Қазақстан арасындағы қа­рым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді тал­қылау  мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қа­зақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мем­лекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта  ын­тымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар еке­ніне көз жеткізгіміз келеді.  Бұл пікірімді Пре­зи­дент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол Сіз­бен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығай­ту­ға оң ықпал етеді деп ойлаймын, – деді АҚШ се­наторы.

Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық жә­не өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер тал­қыланды.