Оқиға Шымкентте болған.
Ақыл айтамын деп інісін өлтірген күдікті ұсталды
2,044
оқылды

Інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен дер кезінде ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен демалыс күні Еңбекші АПБ-ға кісі өлімі туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша жедел тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да оқиға орнына барды. 

Полицейлер үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның мәйітін тапқан. Отбасылық жанжал кезінде ағасы інісінің кеуде тұсынан асүй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. 

Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан теміржол жақтан күдіктіні іздеуге шықты. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап,  тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге алып барған.  

Күдіктіні қамауға алды. Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. 

ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.