Қылмыскер Шымкент қаласының әуежайында ұсталған.
Атырауда несие рәсімдеп беремін деп 6 млн теңгеден астам қаржыны иемденген шетелдік азамат ұсталды
948
оқылды

Күдікті – 35 жастағы Тәжікстан азаматы. Ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен ақша иемденген.

Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы қаласында тұрып 1993 жылғы Құрманғазы ауданының тұрғынына қоңырау шалып, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен жалпы 6 300 000 теңге ақша қаражатын иемденіп алған.

 "Тергеу барысында күдіктіге «Беркут» арнайы жүйесінде Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып, кіруге шектеулер қойылып, нәтижесінде полиция қызметкерлері оны Шымкент қаласының әуежайында ұстаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруде", –  делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова