«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіндегі 1 300 шақырым қашықтықты бағындыратындар қатарында қыздардан жасақталған «Иманжүсіп» командасы – Ақмола облысының құрамасы үлкен додаға дайындалып жатыр.
Арғымақ мінген шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті
1,478
оқылды

Биыл алғаш рет «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінде бұрымдылар да бақ сынайды. Мерзақ Садуақасовпен қатар Ләззат, Лаура, Анна, Евгения есімді арулар Ақмола облысы командасының намысын қорғамақ. 


Бас әріптес – Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен қызықты марафон 6 қыркүйек, сағат 14.00-де Астана-Түркістан бағыты бойынша Қаражар (Ильинка) ауылында басталады. 19 қыркүйекте түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында мәреге жетеді.

Командалардың кең-байтақ даладағы саяхатын бірге тамашалайық!