Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін қолдау, отандық жиһаз фаб­рика­ларына тапсырыс беру, ұзақмерзімді келісімшарттар жасау және фер­мер­лерді субсидиялау.
Бизнес мәселелері талқыланды
670
оқылды

Осы және өзге де өзекті мә­селелер 18 тамызда «АМАNАТ» филиалдары жанындағы эконо­миканы, кәсіп­керлікті және аграрлық сек­торды дамыту жөніндегі өңірлік кеңес­тердің кеңейтілген отырысында тал­қыланды.

Жиында Қарағанды, Павлодар және Ұлы­тау облыстарының кәсіпкерлері мем­ле­кеттік органдарға өз мәселелерін жет­кіз­ді.

«Қарағанды облысының кәсіпкерлері этил спиртіне акцизді енгізу Мемлекет бас­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға ке­дергісін келтіреді деп есептейді. «Пре­зи­дент ішкі нарықтағы отандық өндірі­ле­тін дәрілердің үлесін 50%-ға дейін арт­­­тыруды тапсырды. Алайда акциздің пайда болуы белгілі антисептиктер мен йод, зе­ленка, шөптен жасалған дәрілер бағасы­ның өсуіне әкеледі. Осы және өзге де дәрі-дәрмектердің 75%-ға қымбаттауына әкеп соғады», – дейді олар.

«Фармация 2010» ЖШС директоры Се­рік Қуанышевтың айтуынша, бұл отан­дық дәрі-дәрмекке деген сұраныстың тө­­­­мендеуіне және соның салдарынан олар­дың нарықтан жойылып, Мемлекет бас­шысының тапсырмасының орындал­мауы­на алып келеді.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатылған немесе медициналық және фармацевтикалық препараттарды дайын­дау үшін пайдаланылатын денатуратыл­ма­ған этил спиртіне 600 теңге көлемінде ак­циз енгізілмек. Қазір бұл спиртті 25 қа­зақстандық дәрі өндіруші пайдаланады. Бұл арзан дәрілерді өндіруге мүмкіндік бе­реді: валерианның тұнбалары, қыр­мы­зы, долана, корвалол, салицил спирті, кам­фора спирті және т.б. күнделікті өмір­де қолданылатын дәрілер. Осы акцизді ен­гізу арқылы қазақстандық құрамында ал­коголі бар өнімдер 75 пайызға қым­бат­тай­ды, оны алып тастауды сұраймыз», – де­ді ол.

Ұлттық экономика министрлігі Таби­ғи монополияларды реттеу комитеті тө­­ра­ғасының орынбасары Мирас Зерипбаев бұл мәселеде Қазақстанда алкогольдің бар­лық түрлеріне акциздік салық салы­на­тынын атап өтті.

«Фармацевтика саласының пайдасы көп. Заңнама деңгейінде олар импортқа қо­сылған құнға салықтан босатылған. Ак­циздер мәселесі одан әрі зерделеуді жә­не талқылауды қажет етеді», – деді ол.

«АМАNАТ» партиясы Хатшысы Эль­дар Жұмағазиев бұл мәселе Үкіметтің на­зарына ұсынылатынын, партия мәсе­лені шешуге күш салатынын айтты.

«Мәселені шешуге ескі көрсет­кіш­тер­мен қарауға болмайды. Себебі біз бір орын­да тұрмай, дамып келеміз. Жаңа тауар­лар мен қызметтер, жаңа препараттар пайда болуда, нарықтағы «ойын ере­же­лері» де күн сайын өзгереді. Ал біздің фар­мацевтика өнеркәсібіміз шетелдік өн­д­ірушілермен тең емес екендігі белгілі. Мә­селені Ұлттық экономика министр­лі­гі­мен, Денсаулық сақтау министрлігімен талқылаймыз», – деді ол.

Ал Ұлытау өңіріндегі кәсіпкерлер пай­далы қазбаларды өндіретін корпора­ция­ларға шағымданды. Олар жер қойнауын пай­даланушылар көбінесе қазақстандық ком­панияларға жеткізілген тауарлар мен көр­сетілген қызметтер үшін ақы төлеуде қыс­­қамерзімді келісімшарттар жасай­ты­нын айтады. Бұл туралы «АнМарк» ЖШС директоры Думан Жаманов мәлімдеді. Оның айтуынша, жер қойнауын пай­да­ланушылар келісімшарттарға қазақ­стан­дық тауарларды, жұмыстарды және қыз­меттерді жеткізушілерді банкроттыққа жа­қын жағдайға әкеліп отыр.

«Осы ретте бізде мынадай сұрақ туын­дап отыр.  Жер қойнауын пайдаланушылар ша­ғын бизнеске қолдау көрсете ме, әлде ша­­ғын бизнес жер қойнауын пай­да­ланушыларға қолдау көрсете ме? Мысалы, нау­рыз айында орындалған жұмыс үшін төлем мамыр айының басында ғана алы­нады. Бізде барлығы тек Қазақмыс ар­қы­лы жүзеге асады. Жергілікті кәсіпкерлер 3-5 жылға тауар жеткізуге, жұмыс істеуге жә­не қызмет көрсетуге ұзақмерзімді ке­лісім­шарттар алғылары келеді. Бизнестің жол картасы бойынша біз 3-5 жылға несие ала­мыз, бірақ жоба өзін-өзі ақтағанша көп уақыт қажет. Сондықтан ұзақмерзімді ке­лісімшарттар қажет. Жер қойнауын пайдаланушыларды үш және бес жылға дейінгі мерзімге келісімшарт жасасу ту­ра­лы заңнамалық норманы қолдануға міндеттеуді сұраймыз», – деді ол.

Жауап ретінде, QazIndustry АҚ жер­гі­лік­ті қамтуды дамыту және мони­то­рин­гілеу дирекциясы басшысының орын­ба­сары Гузалия Сыздықова «Индуст­рия­лық саясат туралы» заң аясында ұзақмерзімді шарттар жасасу мәселесі пысықталып жат­қанын, мұнда «кепілдендірілген сатып алу» сияқты келісімшарт түрін енгізу жос­парланып жатқанын айтты.

«Жер қойнауын пайдаланушылар им­портталатын тауарлардың тізбесін жасақ­тауда, ал оларды сатып алуға басымдық отан­дық өндірушілерге беріледі», – деді ол.

Сондай-ақ Ұлытау өңірінің кәсіп­кер­лері жер қойнауын пайдаланушыларға тауар жеткізу және қызмет көрсету ке­лі­сімшарттарын біржақты тәртіппен бұзуға тыйым салуды және келісімшарттағы ба­ға­ларды валюта бағамына байланыстыру шартын қолдануды сұрайды. Өз кезегінде Ин­дустрия министрлігі бұл бастамаларды қа­растыруға уәде берді.

Сонымен қатар Қазақстандық жиһаз өн­дірушілер де өзекті мәселелерін айтты. Жиһаз жасаушылар гильдиясының пр­е­зиденті Қарлығаш Байбоченованың ай­туын­ша, отандық кәсіпорындар «Жайлы мек­теп» ұлттық жобасына қатысуға үлкен қы­зығушылық танытып отыр.   Бірақ әзір­ге мектептерден де, жобаның үйлестірушісі Samruk-Kazyna Construction АҚ-тан да тапсырыс түспеген.

«Жүйелілік пен кадрлардың болмауы бұл жобаны әзірлеуді қиындатады. Жиһаз­ды шетелден сатып алу қаупі бар. Қазір жиһаз шығаратын фирмалардың бәрі тым-тырыс станоктарды сатып алып, өндірісті кеңейтіп жатыр. Бірақ жиһазды кессек те, оны құрастыратын ешкім жоқ. Қа­зақстанда құрастырушы, механизатор, жиһаз жасаушы мамандар даярланбайды. Біз жиһаз өндірісінің стандарттарын дайындап жатырмыз. Өйткені олар қазір Қа­зақстанда жоқ. Ұлттық жобаның тех­­­ни­калық ерекшелігі жоқ. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша өңірлік комиссиялардың құра­мына біздің өкілдер де әлі күнге кірген жоқ», – деді ол.

«АМАNАТ» Хатшысы Эльдар Жұмаға­зиев Білім министрлігіне отандық жиһаз өндірушілерді қолдау мақсатында «Жайлы мек­теп» жобасы бойынша комиссия­лар­дың құрамына Гильдия өкілдерін енгізу қажеттігі туралы облыс әкімдіктеріне хат дайындауды ұсынды. Сонымен қатар Білім вице-министрі Еділ Оспан кол­ледждерде жаңа «жиһаз» мамандықтарын ашу мәселесін пысықтайтынына сендірді.

Қарағанды облысындағы «Шанс» ша­руа қожалығының басшысы Игорь Жабяк бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қолдау ша­раларымен толық қамтамасыз етілме­гендігіне, төленбеген өтінімдер қорының бар екеніне назар аударды.

«Пестицидтердің құнын субсидиялау бағ­дарламасы бойынша 520 млн теңгеге 370 өтінім, минералды тыңайтқыштар құны бойынша 463 млн теңгеге 111 өтінім, ауылшаруашылық жануарлары мен құрал-жабдықтарын сатып алуға лизингке 111 өтінім төленбеген, тапшылық ша­ма­мен 1,5 млрд теңге. Барлық шаруаларға суб­­сидия жеткілікті болуы үшін респуб­ли­калық бюджеттен қосымша қаржы бөлу­ді сұраймыз», – деді ол.

Осы ретте Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Ербол Тасжүреков тек Қара­ған­ды облысы ғана емес,  әр облыста осындай қарыздар бар екенін атап өтті.

«Жалпы субсидиялар бойынша шар­уа­лардың жалпы қарызы шамамен 165 млрд теңгені құрайды. Бөлшектеп өтейміз. Осы жылдың соңына дейін қарыздың ба­сым бөлігін жабуға тырысамыз», – деді ол.

Сондай-ақ отырыс барысында салық ко­дексін жетілдіру, жер телімдерін тір­кеу­де­гі мәселелер, сәулет-жобалау ұйы­м­дары­ның қызметін реттеу және басқа да бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап өтейік, «Халықпен бірге» сайлауалды бағ­дар­ламасы аясында партия бизнес үшін ұзақмерзімді және қолжетімді несие ре­сурстары мәселелерін шешуге ұмтылатын болады. Өндірістік бизнес өнеркәсіптік, көліктік және коммуналдық инфрақұры­лым­ға қолжетімділікті қамтамасыз ету ар­қылы қолдау көрсетілетін болады. Ал аграрлық кешен мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жеңілдетілген салық ставкалары енгізіледі. 2027 жылға дейін «AMANAT» шағын және орта бизнес үшін кем дегенде 15 000-нан артық кедергілерді жою­ды көздеп отыр.

Нұрлан ҚОСАЙ