Қарағанды облысында әйелге шабуылдаған күдікті ұсталды.
Баласының көз алдында анасын ұрған азамат ұсталды
768
оқылды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 тамызда түнгі уақытта Криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталған. Күдікті облыстық Полиция департаментіне жеткізілді.

"Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Полиция департаментінен.