Танымал әнші, жақында ғана есірткі қолданып, көлік жүргізді деген баппен сотталып шыққан Төреғали Төреәлі тағы бір нәрсе бүлдірмек.
Мен енді шығарайын шұжығымды: Төреғали тағы бір нәрсе бүлдірмек
15,849
оқылды

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке өлең арнап, жаңалығын жеткізген.

"Ағайын көрдің талай қызығымды,

Сонда да қолдадың ғой бұзығыңды.

Тағы не шығарады десеңіздер

Мен енді шығарайын шұжығымды!" - дейді ТТТ.

Желі қолданушылары жазбаға қатысты әзіл аралас түрлі пікір қалдырған.

"Шұжығыңды жеп алып, бізде тентек болып бір нәрсе бүлдіріп жүрмесек болды ғой, жерлес-ау", "Оңбай кетейін әртiссiң ғой, Төреш", "Мына Төреғалиға енді қалғаны осы ма? Не болды, жазған?", "Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Пендеміз бәріміз", - дейді көпшілік.