Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді
Жетісу облысында жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты
634
оқылды

Жетісу облысы, Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігі жол апатына ұшырады. 41 жастағы ер адам тізгіндеген шетелдік көлік Алматы-Өскемен тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылған.

"Оқиға орнында жүргізуші мен оның жанындағы 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", – делінген полиция хабарламасында.

 

Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты орын алған.