Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл 13 тамызда Бостандық ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағым түсірген. Ол биылғы жылдың 7 тамызы күні 2004 жылы туған Н. есімді ұлының үйінен шығып қайта оралмағанын айтқан.
Алматыда бір ай бұрын жоғалған жігіт аман-есен табылды
1,330
оқылды

Әйелдің сөзінше ұлының денсаулығымен байланысты мәселелер болған. Жыл басынан бері ұлы үйінен үш рет, өткен жылы үйден төрт рет кетіп қалған.

«Н. есімді азаматтың хабарсыз жоғалу дерегі бойынша,  Бостандық ауданының Полиция басқармасында іздеу ісі тіркелді. Арнайы іздеу тобы құрылды. Жас жігіт табылды. Қазір ол туған-туыстарымен бірге», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.