Белгілі желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің бауыры Талғат Рысқұлбеков Шешенстанға көшетінін мәлімдеді.
Шешенстанға көшемін – Қайрат Рысқұлбековтің бауыры
17,676
оқылды

"Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Оның пайымынша, мектепке орамалмен кіруге тыйым салу – Аллаға қарсы шыққанмен тең.

"Мұны мен айтып отырған жоқпын, Алланың парызы. Біздің елімізге Алладан апат келе ме деп қорқамын", – деген Талғат Рысқұлбеков видео мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі зайырлы мемлекетте білім ошағына оқушы тек мектеп формасымен кіруі тиістігін мәлімдеген.