Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушысын ауыстырды.
Майк Тайсонның бапкері Жәнібек Әлімханұлын жаттықтырмайтын болды
2,962
оқылды

Кәсіпқой боксшыны бұған дейін жекпе-жектерге америкалық Бадди Макгирт дайындап келген болатын. Ол – әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон секілді танымал спортшыларды шыңдаған бапкер. Енді отандасымызды Брайан Вилория есімді америкалық маман жаттықтырады.

«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық.

Брайан – әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы.

Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!» – деп жазды боксшы әлеуметтік желіге.

Фото: sports.kz