Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Ақтаудағы борлы тауға адам есімін қашап жазған.
Мәдениет үйінің директоры тауға адам есімін қашап жазған
1,182
оқылды

Бұдан бұрын әлеуметтік желі қолданушылары құзырлы органдардан борлы тауға есімін ойып жазып, табиғатқа зиянын тигізген адамды тауып, жазалауды сұраған болатын.

Бейнематериалдан ер адам балға мен үшкір затпен ақ борлы тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазып тұрғанын анық көруге болады. Сол әрекеті үшін Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оның үстінен әкімшілік хаттама толтырмақ.

Ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова видеодағы адам әнші, мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екенін растады.