Алматыда Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттыруға арналған онлайн платформа таныстырылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Қазақ-қытай саудасына арналған жаңа платформа пайда болды
817
оқылды

 «Илтун» деп аталатын сауда платформасының басты артықшылығы тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Алматыда қытай өндірушілерінің көрмесі өтті. Онда киім-кешек, медицина, құрылыс, электроника сынды 8 сала бойынша 30-дан аса өндіруші өнімдері қойылды.

Платформаның мақсаты – тауардың бағасын арзандату, сапасын арттыру және алыпсатарлар санын азайту.

Айта кетейік, қытай тауарларының көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

"Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын одан да жоғары деңгейде көтергіміз келеді. Сауда жәрмеңкеміз Үрімжі мен Алматы қаласында өтеді. Одан кейінгі көрме Түркістан қаласында өтеді. Біздің мақсатымыз – Жібек жолы арқылы сауданы дамыту", – дейді көрмені ұйымдастырушы Мэнг Сю Ли.

Ал кәсіпкер Ернұр Қоңырбаев Алматы мен Шымкент қаласына қойма салайын деп жатыр екен. 

"Зауыттағы өндірушіден тікелей сатып аламыз. Ол халыққа ыңғайлы, себебі күтіп көп уақыт кетпейді, уақыт тез болады және бағасы арзан. Зауыттың бағасымен беріледі. Бұл адамдарға да ыңғайлы, кәсіпкерлерге де, біздерге де жақсы болады деп ойлаймын", – дейді ол.