Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, бұршақ жауады деп болжанады.
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
809
оқылды
"Қазгидромет" РМК 28 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райының қолайсыз құбылыстарының болжамымен бөлісті.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, бұршақ жауады деп болжанады. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі", – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.