Кеше Түркістан облысында кешкі сағат 20.00 мен 22.00 аралығында нөсер жаңбыр жауды.
Түркістан облысында 24 ауланы су басты
1,201
оқылды

Жауын-шашын салдарынан Арыс қаласы және Сайрам ауданында аулаларды су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 24 ауладан (Арыс қаласы – 21, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы – 3) су сорды.

Үйлерді су басқан  жоқ. Суды соруға 64 қызметкер, 11 мотопомпа және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Төтенше жағдайлар департаментінен 41 қызметкер, 8 бірлік мотопомпа және 3 бірлік техника және Жергілікті атқарушы органдардан 23 қызметкер, 3 бірлік мотопомпа және 2 бірлік техника бар.