Конституция күніне орай Астанадағы Достық үйінде «Адал азамат – Ата Заңның тірегі» конференциясы өтіп, еліміздің құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамыту бойынша сарапшылар баяндама жасап, Ата Заңымызға байланысты өзгерістерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алғалы 4 ірі саяси реформа жасалды
1,158
оқылды

Басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Евгений Больгерт, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, сондай-ақ  қалалық  ҚХА  қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Биыл Конституциямыздың 28 жылдығы. Біздің Конституция өзге мемлекеттермен салыстырғанда өзгеше, өзіндік бір ерекшелігі бар деуге болады. Бұл, ең алдымен – ұлтына, нәсіліне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының теңдік принципі. Яғни, біздің Конституцияда Қазақстан халық Ассамблеясында да құқықтық мәртебелері, өкілеттілігі нақты атап көрсетілген. Шынын айтқанда, мұндай механизм өзге елдің бірінде жоқ. Мысалы, Үндістанның конституциясына жүзден астам өзгеріс енгізген. Бірақ меніңше, Конституцияға мұндай көп өзгеріс керек емес. Қандай да бір өзгеріс болса да, ол маңыздылығы мен мазмұнына қарай өзгеруі тиіс. Осы жағынан алсақ, біздегі Конституцияға Парламенттің жаңа шақырылымының бірінші сессиясы өткен жылы референдумдағы реформаларды жүзеге асырумен байланысты еді. Мысалы, еліміздің капитал қаражатын қайтару бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу қажет болды, – деді сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Евгений Больгерт.

Оның айтуынша, еліміздегі Конституцияның өзгеруі құқықтық заңнамаға сәйкес, қажеттіліктен туындағанын жеткізді.  

–  Қазақстанда соңғы бір жарым жылда көптеген саяси науқандар болды. Жалпыхалықтық референдум, екі сайлау науқаны өтті. Жалпы қоғамның саясилануына әкелді. Конституцияға енгізілген өзгерістер бір күндік жұмыстың нәтижесі емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тізгінін қолға алған 2019 жылдан бері 4 ірі саяси реформаның туындауына әкелді. Соның арқасында елімізде орын алған саяси күрделі өзгерістердің бірі – ауыл әкімдерінің сайлануы. Ауыл әкімдерін саяси партиялардың ұсынысы арқылы ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы үміткер бола алады. Сонымен қатар, азаматтардың құқығын сақтай отырып, бейбіт митингке шығуына рұқсат берілуі және азаматтардың саяси партияға өтуіне квота берілуі, – деді Индира Рыстина.

 Дөңгелек үстелде қатысушылар Ата Заңның маңыздылығы туралы айтып, бір мандат бойынша келген халық қалаулылары Мәжілісте депутаттық сауал жолдай алатынын құп көрді.

Конституция күні бұл еліміз үшін үлкен мереке. Мен Конституциялық топтың мүшесі болғанда 15 ұсыныс берген едім. Оның ішінде адам құқықтарын қорғайтын Конституциялық Соттың керектігі жайында айтылды. Конституциялық Заңда норма бар: «Бір мандаттық бойынша өткен әр депутат бір жылдан кейін халықтың алдында жауап беруі керек. Ал қоғам оның жұмысы жайлы жақсы пікірде болмаса, онда мандатын қайтаруға құқығы бар. Сол үшін бір мандат бойынша келген халық қалаулылары Мәжілісте депутаттық сауал жолдайды. Бұл өте пайдалы дүние, – деді Мәжіліс депутаты Марат Башимов.

Астана қаласы Қазақстан Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов Конституцияның тарихына шолу жасап, Ата Заңымызды азаматтық қоғамның қалыптасуына, құқықтық жүйенің орнығуына, басқару билігінің құрылымы мен ұлттық заңнамаларының дамуына, түрлі қоғамдық институттардың жолға қойылуын қамтамасыз ететін құнды құжат ретінде басшылыққа алып келе жатқанымызды сөз етті.

Оның айтуынша, Қазақстанда ХХ ғасырда Конституция бірнеше рет қабылданды. 1926 жылы Автономиялық республика болып, артынан 1937 жылы екінші, 1978 жылы үшінші Қазақ КСР Конституциясы қабылданды. Тәуелсіздікті алған 1993 жылы және 1995 жылы  республикалық референдум негізінде қазіргі қолданыстағы конституция қабылданған екен.

– Жаңа конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Мұның бәрі уақыттың сұранысы мен заман ағымына еркін алдыға қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігінің оңалуына мемлекет тарапынан берілген кепіл-тірегі ретінде қабылданғаны хақ. Кез келген егемен ел әрі әлеммен төрт құбыласы тең мемлекет үшін Конституция басты құжат. Сондықтан 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция бүгінгі Қазақстанның жетістігін, әлемдегі орнын және мемлекеттің ішіндегі қоғамдық демократиялық дамуды көрсетеді», – деді ЕҰУ профессоры Тілеген Садықов.

фото: turkystan.kz