Қызылорда маңында жол апатынан үш адам мерт болды

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 маусымда сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тасжолының 120-шақырымында болған. Анықталғандай, жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Салдарынан үш адам қаза тапқан.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", – дейді полиция өкілдері.