Мемлекетке келтірілген залал сомасы 388 млн теңгеден асты.
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
834
оқылды

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысы орынбасарының заңсыз қызметін әшкереледі.

Антикордың мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.