Елден 11 адамнан тұратын топ жіберілген.
Қорғаныс министрлігінің сарбаздары Беларуське не үшін аттанғаны белгілі болды
9,634
оқылды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы Күштердің 11 сарбазы Беларуське кеткенін айтты.

 

Министр БАҚ өкілінің «Беларуське техникалар жіберілген» деген ақпаратын жоққа шығарды.

«Интернет кеңістігінде тараған Қазақстан бронды техникаларды жіберді деген ақпарат - жалған. Бүгінде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде орналасқан. Нақты 11 адамнан тұратын топ жіберілді. Әрине, бұл органның жұмысы», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл шара алдын ала жоспарланған.

«Бұл жерде Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», – дейді Жақсылықов.