Оқиға Алматы қаласында болған.
Алматыда әйелді қорлаған ер адам Атырауда тұтқындалды
1,894
оқылды

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

18 тамыз күні супермаркеттердің бірінде әйелдің кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласында ұсталды. 

1988 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, мұндай әрекетке мас күйде барғанын айтқан. 

Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.