Заңгер Дина Таңсәрі жігіттің 15 тәулікке қамауға алынғанын жеткізді.
Алматыда көшеде қыздың бөксесіне қол тигізген курьер жазаға тартылды
1,668
оқылды
Алматыда мотоциклмен жанынан өтіп бара жатып, қыздың бөксесінен "салып" жіберген курьер жауапкершілікке тартылды.

Заңгер Дина Таңсәрі жігіттің 15 тәулікке қамауға алынғанын жеткізді. 

"Қалжыңдадым деп ойлап, жазаға тартыламын дегенді, тіпті басына алмаған бұл курьер келесі жолы байқастап, қолына ие болатын болады. Солай болады деп үміттенеміз", – деп жазды Таңсәрі желіде.