«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады.
Бірнеше өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады
3,147
оқылды

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 30 тамызда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 30 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні  15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні  23-28 м/с. Көкшетауда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні  15-20 м/с.

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында  15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз кей уақытта найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с. 

Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні  23-28 м/с. 30 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Қызылорда қаласында найзағай, батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. 30 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Орал қаласында 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 18 м/с. Өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 30 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар. Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні  23-28 м/с. 30 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар. 

Қостанай қаласында 30 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші – 15-20 м/с, екпіні – 25 м/с. 

Петропавл қаласында 30 тамызда найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.

Күндіз Павлодар облысында батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығысында жел соғады, күші түнде батыста, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар. Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-шығысында жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 30 тамыз күндіз, 31 тамызда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, 30 тамыз күндіз, 31 тамызда тәулік бойы екпіні  23-28 м/с. 

30 тамыз-1 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 31 тамызда түнде нөсер жаңбыр жауады.

30 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.