Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясына 28 жыл толды.
Конституция қабылданған күн
968
оқылды

Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтеді. 

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстанның Ата заңы қабылданды.

Айта кетейік, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданды.  

Жалпы, Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өтті. Референдумға қатысқан тұрғындардың 77,18 проценті, яғни 6 163 516 адам Конституциялық өзгерістерді қолдады.