Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады.
Атыраулықтар 11 күн бойы ыстық сусыз отырады
876
оқылды

Атырау тұрғындары 11 күн бойы ыстық сусыз отырады. Бұл туралы Атырау облысының энергетикалық кешенінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ресми ақпаратқа сәйкес ыстық су беруді уақытша тоқтату жөндеу жұмыстарымен байланысты болып отыр.

«Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады. «Атырау жылу жүйелері» АҚ күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес қалада жылу пункттерінен магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтататынын хабарлайды. Осыған байланысты уақытша туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Қалада ыстық су беруді уақытша тоқтату бірінші рет емес. Жаз мезгілінде ыстық су беру бірнеше рет тоқтатылды. Бұған жылу пункттеріндегі жабдықтарды тексеру, күрделі жөндеу себеп болғаны айтылды.