Әлеуметтік желіде Меруерт Әйтенованың "Көреміз" ток-шоуында айтқан сөздері тарап кетті, – деп жазды kyn.kz.
Ажырасқан әйелдер қоғамның соры – Меруерт Әйтенова
5,201
оқылды

Ажырасқан әйелдер жайлы айтқан сөздерін қолдағандар да, қарсы келгендер де бар. «Бәріміз өз бетімізше күйеуді тыңдамай кетсек не болады» деп отбасыны ұстап қалу тақырыбында өткір сөздер айтты. 

"Бақытсыз әйелсің, бақытсыз анасың, бақыт көрмеген әйелсің, отырсың міне, әлемге жылап. Ей, ана төрт баланы тапқызып, тәтті төсектің дәмін сездірген еркекпен неге жабысып, сомен жабысып өмір сүрмейсің. Егер бәріміз де жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ...

Сендер мына ажыраған әйелдер – қоғамның сорысыңдар. Біз жек көреміз. Мысалы, мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көрем. Отырғым келмейді олардың қасында. Мен сияқты миллиондаған әйелдер бар. Отбасын ұстап, қандай болса да көніп отқан әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді", – дейді Меруерт Әйтенова.