Қазақстанға рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рулі оң жақта орналасқан көліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынады
1,616
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 6 айға дейін шектеу енгізбек. 

Оны іске асыруды Мемлекеттік кірістер комитеті Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Ұсынысты 13 қыркүйекке дейін қоғам талқылайды. 

Жалпы, ел ішінде рулі оң жақта орналасқан 20 мыңға жуық көлік бар. Мұндай автомобильдерді тіркеуге 2007 жылы тыйым салынған еді. Былтыр бір рет қана оны заңдастыруға рұқсат берілді.

Бұған дейін Армения, Грузиядан әкелінген көліктерді заңдастыруға да рұқсат берілген еді.