Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент 1 қыркүйек күні Жолдауын жариялайды
1,343
оқылды

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. 

Жолдау тікелей эфирден сағат 11.00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі. 

Жолдаудың мәтінін Aqorda Tеlеqram арнаcынан оқуға болады.