Оқыс оқиға Шымкент қаласында болды.
Үш жасар бала қолын еттартқыштан шығара алмай қалды
684
оқылды

Үш жасар баланың қолы электр тогына қосылып тұрған еттартқышқа кептеліп қалды. Бұл туралы Aikyn.kz Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-анасының айтуынша, еттартқышпен жұмыс істеген кезде бала қасында болған. Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан шығара алмай, құтқарушыларды шақырған.  Құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын еттартқыштан босатуға көмектесті.

Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, баланың қолын босатты. Бұл кезде баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған. 

Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі