Айта кетейік, өткен жылы жәрмеңкеге Атырау облысынан 110 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 44 тонна балық қойылған болатын
Астанада Атырау ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
1,870
оқылды

Елордада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді.

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17, балық және балық өнімдерінің 48, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады. Жәрмеңке Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекен-жайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағында өтеді.