Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында су мәселесін де айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін
1,077
оқылды

«Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін.

Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықты, экономикамызды жақындастырады.

Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», – деді Мемлекет басшысы. 

Фото: atr.kz