Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Қазақстан темір жолын» көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
2,050
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Сонымен қатар ҚТЖ-ны толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру мәселесіне тоқталды.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақытылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер.

Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет, – деп атап өтті Президент Қазақстан халқына Жолдауында.