Арыслан Самбаев 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Ақтауда үш күн бұрын жоғалып кеткен бала іздестіріліп жатыр
2,097
оқылды

Ақтауда 10 жастағы жеткіншек үш күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

 

Lada.kz жазуынша, Арыслан Самбаевты іздеу жұмысымен «Lider.kz» еріктілер қозғалысы мен полицейлер айналысып жатыр.

«Арыслан Самбаев 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: орта денелі, бойы 145-150 см, шашы қара, көзі қоңыр», – делінген хабарламада.

Жоғалған бала туралы көрген-білгендер болса, +7(700)499-72-92, +7(775)390-91-85 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.