Қай облыстарда, өңірлерде, аудандарда болатынын шешетін жергілікті облыстық мәслихаттар.
Қазақстанның аудандарында және облыстық деңгейдегі қалаларында әкімдер сайлауы өтеді
652
оқылды

Бүгін Мемлекет басшысы жолдауында Қазақстанның аудандарында және облыстық деңгейдегі қалаларында  әкімдер сайлауын өткізіп көрейік деді. Өзінің 2021 жылғы жолдауында осы мәселені көтерген болатын. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялармен бірігіп, тиісті дайындық жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Біздің құрылымымыз күрделі, жаңа сайлауды өткізуге толық дайын. Қай облыстарда, өңірлерде, аудандарда болатынын шешетін жергілікті облыстық мәслихаттар. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың ойынша, әкімдер сайлауын республиканың барлық өңірінде өткізген дұрыс болады.

Әр өңірде әртүрлі өте ме?

Әрине, сайлауды ұйымдастырушы орган ретінде бізге бір кезде өткені қолайлы болар еді. Қазір облыстық мәслихаттардың шешімін күтейік. Заң бойынша сайлауға дайындық және өткізу мерзімі 50 күннен кем болмау керек. Сайлау қорытындысы шыққанға дейін заң осындай уақыт беріп отыр. Кемінде екі ай ішінде өткізуіміз керек.

Осы жылдың соңына дейін өтеді деп айта аламыз ба?

Біз де солай болжап отырмыз. Бәрі мәслихаттардың шешіміне байланысты.

Партиялар өз кандидаттарын ұсына ала ма?

Біздің қолданыстағы сайлау туралы заңнын нормаларына сәйкес Қазақстанда тіркелген әрбір саяси партия өзінің өкілін ұсынуға құқылы. Бірақ әрбір округке бір ғана өзінің кандидатын ұсына алады.

Адамдарды, тәуелсіз бақылаушыларды тартасыздар ма?

Тәуелсіз байқаушылар институты жақсы дамып келе жатыр деп айта аламын. Өйткені сайлаулардың статистикасын байқайтын болсақ жылдан жылға, кампаниядан кампанияға саны да, сапасы да өсіп келе жатыр деп айта аламын. Өйткені байқаушы өз қызметін сапалы өткізеді. Қоғамдық бірлестіктер оларды сапалы дайындауды қолға алып жатыр.