Қазақстанның намысын 256 атлет қорғап жатыр.
Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында тағы 23 медаль жеңіп алды
2,000
оқылды
Алматыда қол күресінен 44-әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін отандастарымыз ересектер арасында сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, додаға 52 мемлекеттен 1 000-нан астам спортшы қатысып жатыр.

Қазақстанның намысын 256 атлет қорғап жатыр. Бәсеке ертең аяқталады. 

Назарларыңызға бүгінгі, 1 қыркүйектегі нәтижені ұсынамыз, сол қол:

Алтын:

Ерлер

  • Ердәулет Нұрмахан (55 келі);
  • Мейрамбек Ерсаин (60 келі);
  • Ердәулет Сарыбай (65 келі);
  • Әлижан Мұратов (+110 келі).

Әйелдер

  • Назира Зиядулла (50 келі);
  • Оксана Письменная (65 келі);
  • Деши Дурсаева (80 келі);
  • Антонина Лисянская (+90 келі).
  • Күміс:

    Ерлер

    • Ораз Басаров (55 келі);
    • Бекжан Қожантай (60 келі);
    • Тұрарбек Тұрғанбек (65 келі);
    • Михаил Нифонтов (80 келі);
    • Талғат Ақтаев (85 келі);
    • Ғалымжан Қарсыбаев (90 келі);
    • Айтбек Бекет (110 келі);
    • Борис Гапченко (+110 келі).

    Әйелдер

    • Жанна Қазтуғанова (55 келі);
    • Евгения Гунько (70 келі);
    • Раушан Джаналиева (90 келі);
    • Садықжан Малена (+90 келі).

    Қола:

    Ерлер

    • Данил Устинов (70 келі);
    • Азамат Рахмет (75 келі);
    • Нұрдәулет Айдархан (80 келі).