Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент па­ла­­та­ларының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Қазақстан жаңа экономикалық үлгіге өтуге тиіс
827
оқылды

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мем­лекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құ­қық­тары жөніндегі комиссия, Әйел­дер істері және отбасылық-де­мографиялық саясат жөніндегі ұлттық ко­мис­сия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы жыл сайын ха­лық­қа Жолдауын Парламент сессиясының ашы­луында жариялайды. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мә­ні бар. Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкіл­дері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұ­мыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақ­ты тапсырмалар беріледі, жаңа міндет­тер жүктеледі. Парламент, Үкімет және бас­қа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемле­кет­тік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс іс­теуі үшін бұл іс-шара өте маңызды.

– Бүгінде менің бастамаларымның ба­сым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұ­­мыс жалғасып жатыр. Осы орайда ха­лық­­тың тұрмыс сапасына тікелей әсер ет­кен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мы­салы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жа­­­лақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің ай­лы­ғы да айтарлықтай көбейді. Қазір олар­дың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әл­деқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жи­­­нағының бір бөлігін пайдалану мүм­кін­ді­гі берілді. Миллионға жуық адам осы жо­­баның игілігін көрді – тұрғын үй мәсе­ле­­сін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мек­теп» жобасы аясында 400-ге жуық мек­теп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жо­басы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есеп­шо­ты­на қаражат түсе бастайды. Игерілмей жат­қан немесе заңсыз берілген 8 миллион гек­тар жер мемлекет меншігіне қайта­рыл­ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Жолдау үш жылда жүзеге асады

Мемлекет басшысының айтуынша, осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күр­делі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақ­ты мерзім бекітіледі. Қазіргі ең басты мін­дет – еліміздің мықты өнеркәсіптік не­гізін қалыптастыру және экономикамыз өзі­мізді толық қамтамасыз ете алатын жағ­дай­ға жету. Сондықтан өңдеу саласын же­­дел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бір­­­қатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрын­ғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және кө­мір химиясы, ауыр машина жасау, уран­ды конверсиялау және байыту, авто­бөл­шектер және тыңайтқыштар шығару сияқ­ты бағыттарға айрықша назар аудар­ған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өң­делген өнім шығаратын кластер құру керек. 

– Еліміздің туристік әлеуетін де пай­да­лану керек. Туризм осындай серпінді жо­балар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қа­рай, осы маңызды саладағы жұмыс дұ­рыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мем­ле­кеттермен салыстырғанда артта қалып ке­леді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұ­ратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы са­лада бұрын болған қателіктерді қай­та­лауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау ша­раларын және оларды орындау мер­зім­де­рін нақты айқындау керек. Оны іске асы­руға шетел инвесторларын және елі­міз­дің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауар­лар мен кадрларды, басқаша айтқанда, бар­лық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қа­жет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңа­ша даму үлгісіне көшуге тиіспіз, – де­ді Мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, мемлекет ірі кә­сіпорындармен бірлесіп, өндірістің бар­лық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын рет­тей­тін және ынталандыратын түрлі тәсіл­дер­ді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі ши­­­­кізатты көңілге қонымды бағамен жет­­­кілікті көлемде алуы керек. Сонымен бір­ге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауар­лары­мыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк ке­лісімшарттардың үлесін кемінде 10 пайыз­ға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз.

Ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын аудит жасауы керек

– Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаңызға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қам­та­ма­сыз ететін сенімді табыс көзі болып ке­­­леді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көп­теген металдың әлемдік нарықтағы ба­ғасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жет­ті. Соған қарамастан ірі өндіріс орын­да­рына жақын тұратын жұрттың нара­зы­лығы күшейіп барады. Олар экология на­­­­шарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жат­қанын айтып, шағымдануда. Жұмыс­шы­лардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіп­орын­дардың технологиялық және эко­ло­гия­лық ахуалын, денсаулық сақтау жүйе­сін жақсарту үшін батыл шаралар қабыл­дауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіп­орын­дары 5 жыл сайын технологиялық жә­не экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кә­сіп­орындарға да қойылуға тиіс, – деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, гео­логиялық барлау ісі айрықша назар ау­даруды қажет етеді. Еліміздің мине­рал­ды шикізат базасын толықтыру үшін 2018 жылы тау-кен саласын басқару мәселесіне қа­тысты жаңа заңдар қабылданды. Бірақ заң талаптары толық орындалмай жатыр. Соның салдарынан табиғи ресурсқа қан­ша бай болсақ та, көптен бері ауыз тол­ты­рып айтатын геологиялық жаңалық ашыл­ған жоқ. Ахуалды дереу өзгерту керек. Тау-кен саласын басқару жүйесін жуық ара­да жаңғырту қажет. Көптеген елде бұл саланы негізінен жеке компаниялар алға сүй­рейді. Сондықтан ірі көлемде жеке ин­­­вестицияларды тарту осы саланың әлеуе­тін ашуға барынша көмектеседі.

Ол үшін салық және реттеу шарттары өз­­геріске икемді болуы керек. Өз қаржы­сы­на геологиялық зерттеу жүргізген ин­вес­тордың жер қойнауын пайдалану ке­зін­де басым құқыққа ие болуын қам­та­ма­сыз еткен жөн. Жобаларды келісуге қа­жет­ті рәсімдер мен оның мерзімін кешенді мем­лекеттік сараптама жасау және толық цифрландыру тәсілін енгізу арқылы екі есе азайту керек. Қазір еліміздің 1,5 мил­лион шаршы шақырым аумағына геоло­гия­лық және геофизикалық барлау жасал­ған. Үкіметтің міндеті – 2026 жылға қарай оның көлемін кемінде 2 миллион 200 мың­ға жеткізу.

Алдағы мақсат – аграрлық орталыққа айналу

Мемлекет басшысының айтуынша, Қа­зақстанның айналасында өнім өт­кі­зе­тін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның ст­ратегиялық мақсаты – Еуразия құр­лы­ғындағы басты аграрлық орталықтың бі­­ріне айналу. Осы мақсатқа қол жет­кізе­міз десек, ең алдымен, өнімді жоғары дең­гейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз бол­майды. Біз алдағы үш жыл ішінде аг­роө­неркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайыз­ға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты мін­дет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру ке­рек. Ол үшін салық саясатын қайта қа­рау қажет.

– Бұл салада ірі компаниялар көбірек бол­са, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экс­портты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елі­міз­ге сапалы өнімді қажетті көлемде тұ­рақт­ы ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компания­лар қатарына кіргені жөн болар еді. Сон­дай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпора­ция­лар­ды белсенді түрде тарту керек. Ет, сүт, ас­тық өнімдерін терең өңдеу және өн­ді­ріс­тік жылыжай шаруашылықтарын да­мы­ту сияқты біз үшін болашағы зор ба­ғыт­­тарға басымдық берген абзал. Со­ны­мен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кә­сіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Сол­­­­түстік Қазақстан облысының жетіс­тік­тері көпке үлгі. Шаруалардың тәжі­ри­бе­сі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса, байыпты қолдау шаралары қол­ға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фаб­ри­ка­ларын, көкөніс қоймаларын, ет өнім­де­рін шығаратын кәсіпорындар салған кез­де осы тәжірибені басшылыққа алу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің пікірінше, ауыл-ай­мақ­ты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қол­дау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағ­­­­дарламасының елге қажет екені айқын кө­рінді. Оның келесі кезеңінде жеңілде­тіл­ген несие берумен шектеліп қалмау ке­­­рек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жа­салуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге ай­налды. Қазір ауыл шаруашылығы тех­ни­касының 80 пайызы тозып тұр. Сон­дық­тан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңа­ртып отыру қажет. Бұл ретте еліміз­де­гі техника өндірушілер мен шаруалар­дың да мүддесін ескерген абзал. Қазір жаһан­дық бәсеке күшейіп тұр, тауар на­ры­ғында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз ке­рек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі жә­не сыртқы нарықтағы орнымызды сақ­тап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің ал­­­­дында сыртқа шығарылатын өнім на­рығының ауқымын жоспарлы түрде кеңей­ту міндеті тұр. Қазақстанның тауар­ларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.

– Қазіргі ауыл шаруашылығы – жо­ғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер та­бысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйен­бесе, ауыл шаруашылығы жай то­қы­­­рауға емес, құрдымға кетеді. Агро­ғы­лым­ды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын аг­ротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғы­лыми орталықтарымен толыққанды ғы­лыми-тәжірибелік ынтымақтастық ор­нату керек. Біз жеке ғылыми-техно­ло­гия­лық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы та­лаптарына бейімдейміз. Егін шаруа­шы­лығында маңызды реформа жасайтын кез кел­ді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сон­дай-ақ көбірек пайда әкелетін дақыл­дар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс ал­қабын біртіндеп азайтып, бір ғана да­қыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жер­­гілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңыз­­ды. Сонымен қатар жаңа сұрып­тар­ды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн. Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шек­тен тыс араласуы агроөнеркәсіп ке­ше­нін өркендетуге айтарлықтай кедергі кел­тіріп отыр. Бұл мәселені де шешу ке­рек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тариф саясаты түбегейлі қайта қаралады

Мемлекет басшысы өткен қыста елі­міз­дің жылу электр станцияларында қай­та-қайта апат болғанын да атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай жылдар бойы ше­шілмеген мәселенің бетін ашып берді. Ин­ф­рақұрылымның әбден тозуы ха­лық­тың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Ин­дустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жос­парда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анық­тауға тиіс. Энергетикалық қауіпсіздік мә­селесін де шешу қажет. Бұл салада қол­дан келгенше өз ресурстарымызға арқа сүйе­ген абзал. Басты міндет электр энер­гетикасы саласына жүктеледі. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады. Биыл Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің бірінші блогын қайта құру жұмыстары аяқталады. Бұрын еш­қа­шан толық қуатын пайдаланып көрмеген стан­цияның 8 блогы түгел жұмыс істейтін бо­ла­ды. Қазір екінші ГРЭС-ті кеңейту жо­­басы жүзеге асырылып жатыр, үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталады.

– Түптеп келгенде, Қазақстан электр қуа­­тын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көр­­шілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біз­­дің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мә­се­лесі. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, бұған мүлде жол беруге болмайды. Әри­не, жаңартылатын энергетика жоба­ла­рын жүзеге асыру да жалғасады. Су электр станцияларын дамыту мәселесі на­зардан тыс қалмайды. Электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз бай­ланысқан біртұтас жүйе. Оған эко­но­ми­каның аса маңызды жеке саласы ретін­де қараған абзал. Осы салаға қатысты қа­зіргі ұстаным негізінен өзектілігін жо­ғалтты. Енді жаңа шешімдер керек, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, та­риф саясатын түбегейлі қайта қарау, та­риф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу жә­не инвесторлардың қызығушылығын арт­тыру қажет. Табиғи монополия субъек­тілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қо­нымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қар­жы ұйымдары да кәсіпорындарға нық се­­­­німмен несие бере алады. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және ин­вестициялық бағдарламалар туралы ақ­парат алады. Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ре­сурс­тық базасын кеңейту – Үкіметтің жә­не ұлттық газ компаниясының басты мін­деті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құры­лысын тездету және қолданыстағы зауыт­тардың қуатын барынша пайдалану қажет.

– Біз маңызды стратегиялық мә­се­ле­лерге қатысты түпкі шешімді референдум ар­қылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жы­лы сайлау алдында менің халыққа бер­ген уәдем. Атом электр станциясын салу не­месе салмау мәселесі – еліміздің бола­ша­ғына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақ­ты мерзімін кейін анықтаймыз. Келесі мә­селе. Су ресурсы – еліміздегі өзекті мә­­­­селелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын хал­қымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себеп­ті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы. 

Былтыр ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өсті

Мемлекет басшысының айтуынша, біз­дің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және фи­­нтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз. Былтырдың өзінде ІТ саласындағы экс­пор­тымыз бес есе өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Әрине, мұнымен шектелмейміз. 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экс-п­ор­тын бір миллиард долларға жеткізу – Үкі­метке жүктелетін жаңа міндет. Шетел­дің ірі ІТ компанияларымен бірлескен кә­сіпорындар ашу бұл іске септігін тигі­зе­рі сөзсіз. Үкімет осы мәселені мұқият зер­­делеп, нақты ұсыныстар енгізуі керек.

– Үкімет жасанды интеллектіні да­мы­ту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде ал­дағы бірнеше жылда осы салаға бір трил­лион доллардан астам инвестиция са­лынады деген болжам бар. Жасанды ин­теллект оны дамыта білген елдердің іш­кі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүм­кіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті ма­мандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интел­лект саласына қажетті кадр даярлаумен жә­не зерттеулер жүргізумен айналысуы ке­рек. Еліміз есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала ала­ды. Сондықтан ірі мәлімет орталық­та­рын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңіл­діктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мә­ліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы цифр­ландыру ісінде басшылыққа алына­тын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келгенін айтты. 

«Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады

Президент атап айтқан тағы бір маңыз­­­­ды мәселе монополияға қарсы ор­ган­­ның заңсыздықтарды жою үшін шұғыл ша­ралар қабылдайтын мүмкіндігінің жоқ­тығы. Монополияға қатысты істердің үш­­­­тен екісінде тергеу басталмай жатып, сот­қа шағым түседі. Ал соттағы дау-дамай жыл­дарға созылуы мүмкін. Соның кесі­рі­нен құзырлы мекеменің жұмысы тоқтап қалады. Сондықтан Үкімет Парламентке тиіс­ті заңнамалық түзетулер енгізуі керек.

– Келесі маңызды мәселе – мемлекет­тің экономикаға ықпалын азайту. Қазір жекеменшікке заңсыз өткен және шетелге шы­ғарылған бірқатар активтер мемле­кет­ке қайтарылуда. Біз ашық әрі бәсекеге қа­білетті экономика құрып жатырмыз. Сон­дықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және мемлекет үшін тиімді шарт­пен нарыққа шығару керек. Жалпы, жекешелендіру және халықтық ІРО жұ­мыс­т­арын барынша тездету қажет. Басты мақ­сат – активтерді басқару ісінің ашық­ты­ғын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке жә­не халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға ала­ды. Келесі жылы «Air Astana» ком­па­ния­сы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайын­далуы керек. Ірі компаниялардағы мем­лекет активтері саудаға шығуға тиіс, – деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Би­лік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол бе­ретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипат­та­­ғы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс са­­натынан алып тастау жұмысын жалғас­тыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге жә­не олардың экономикалық теріс әре­кетке қатысты істер туралы болып отыр. Са­лық саласында заң бұзғандарды қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату ке­рек. Мұндай әрекеттерге тыйым салын­ған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалға­сып жатқанын білемін. Осындай мәлі­мет­тер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмай­тын мәселе. Кәсіпкерлікке қолдау көр­се­ту, саланы реттейміз деген желеумен жа­са­латын қысымды азайту және бәсекелес­тікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қа­жет. Сондықтан мен жуық арада елі­міз­дің бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өт­кіземін.

Шетелден сенімді үш банк келеді

– Банктердің «қозғалыссыз жатқан» 2,3 триллион теңгелік активтерін эконо­ми­калық айналымға қосу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте осы ак­­­тивтерді иеленуге ниет танытқан бизнес өкілдерінің оны алып, экономикаға қай­таруына мүмкіндік беретін ашық цифрлы платформа құруды тапсырамын. «Ұзақ мер­зімге арналған қаражат» нақты сектор­ға барынша қолжетімді болу үшін бірлес­кен және синдикатталған несие беру тә­сі­лін кеңінен қолдану керек. Сондай-ақ өнер­кәсіп өкілдері мен кәсіпкерлер не­сие­нің бәрін жұтып қоймауы қажет. Олар экономикамызды іс жүзінде әртарап­тан­дыруды қамтамасыз ететін сапалы жо­ба­лар ұсынуға тиіс. Коммерциялық банктер­дің қызығушылығын арттыру үшін олар стра­тегиялық жобаларды қаржылан­дыр­ған кезде даму институттарының кепіл­ді­гін беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Банк саласындағы тағы бір өзекті мәселе – бар­лығы бірнеше банктің қолында шоғыр­лан­ған. Қазір Қазақстанда 21 банк бар. Бір­­ақ корпоративті секторға несие беру­мен, яғни экономикалық жобаларды қар­жыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекені арттыру үшін елімізге шетелден сенімді үш банкті тартқан жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының пікірінше, нақ­ты секторға берілетін несие көлемінің жыл сайын 20 пайыз және одан да жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету – маңызды мін­дет. Экономиканы қаржыландыру көз­дері жайлы сөз болғанда Ұлттық қор­дың қаражатын пайдалану қажеттігі тура­лы жиі айтылады. Сарапшылар Қордың жинақтау және дамыту рөлінің арақаты­насы жөнінде дауласып жатады. Әрине, қар­жыны жинақтап, сақтау негізгі міндет болу­ға тиіс. Ұлттық қордың қаражаты күт­­­пеген сын-қатерлерге тап болған жағ­дай­да қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету­ге едәуір кепілдік береді. Дегенмен Қор­дағы қаражаттың белгілі бір бөлігін Қа­зақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық жобаларды қаржыландыру үшін пайдалануға болады. Тіпті, қазірден бас­тап соған жұмсау керек.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетеді

– Тағы бір мәселені атап өту қажет. Аза­­­маттардың мүддесі мен сұранысы – Қа­зақстанның экономикалық даму стра­тегиясының өзегі. Яғни, адамның қа­жет­тілі­гі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан бір­тіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс та­банды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың са­ны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақ­тығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көр­сеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлем­дегі ең жас мемлекеттің бірі. Азамат­та­рымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұр­­­ғындардың үштен бірі – жастар. Үкі­мет­тің міндеті – қазіргі демографиялық ахуал­ды еліміздің бәсекеге қабілетін арт­тыру­ға пайдалану. Адал азамат және тұ­ғыр­лы тұлға болудың негізі бала кезден қа­лыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақ­тың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қам­та­масыз етуге тиіспіз. Мен Мемлекет бас­­­шысы ретінде кәмелетке толмағандарға жа­салған зорлық-зомбылықтың кез кел­ген түріне қатысты жазаны күшейтуді та­лап етемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың пси­хи­калық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап бол­ған­дарға көмек көрсетуге арналған бағ­дарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұн­дағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондық­тан білім сапасын жақсарту және мұғалім­дер­дің біліктілігін арттыру ауадай қажет.

Президенттің айтуынша, бұл бағдар­ла­мада мемлекет тарапынан ұсынылатын бас­тапқы білім беру капиталы, жыл сайын­ғы мемлекеттік сыйақы және ин­вес­тициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жоба­сының қаражаты қосылғанда жас ұрпақ­тың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз Жол­дауында халықтың көкейінде жүрген біраз мәселеге жауап берді. Атап айтсақ, азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жа­лақы мөлшері 85 мың теңге болады. Жол инфрақұрылымын салумен айна­лы­сатын Көлік министрлігі, су шаруашылы­ғы жүйесін тиімді дамыту мәселесін қа­рай­тын Су ресурстары және ирригация ми­нистрлігі құрылады.