Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдады. Нұрлан Исатаев – дзюдо бойынша батыстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Оның жасы бар болғаны 16-да.
Чемпионға пәтер сыйлады
703
оқылды

Жас чемпионды қабылдаған ай­­­мақ басшысы: «Сен біздің мақ­­­танышымызсың, сенің жа­сын­да әлем чемпионы болу – үл­кен же­тістік. Сен өзіңнен кейін­гі жас­­­тарға үлгісің. Біздің өңірде спорт­шылар үшін барлық жағдай ж­асал­ған», – деп жас чемпионға бір бөлмелі пәтердің кілтін та­быс­­тады. 

Нұрлан Исатаевтың жат­тық­ты­рушысы Алтынбек Сұпы­ға­лиев облыс әкімінің қолынан бір миллион теңге қаржылай сыйлық алды. 

Жиында Нұрлан Исатаевтың әке­сі сөз сөйлеп, өңір басшылы­ғы­на алғысын жеткізді. 

«Біздің туған елге оралғаны­мы­з­ға көп бола қойған жоқ. Ұлым да, мен де ана тілінде на­шар сөй­лей­міз. Бірақ ұлым 2028 жылы өте­тін Олимпиадаға дейін қазақ ті­лін меңгеремін деген мақсат қойып отыр. Мен ұлымды спорт­қа бала күнінен баулыдым. Әри­не, оңай болған жоқ. Бос уақы­тын тек­ке өткізбесін деп осы спорт­қа бер­геніме өкінбеймін», – деді чем­­пионның әкесі Серік Иса­таев. 

Нұрлан Исатаевтың отбасы Рсей­ден көшіп келген. Қазақстан азаматтығын осы тек биыл нау­рыз айында алыпты. Нұрлан – отбасында үш баланың үлкені. Ол биылдан бастап Олимпиада ре­зервінің облыстық мамандан­ды­рылған мектеп-интернат-кол­лед­жінің 10-сыныбына қабыл­дан­ған. 

Естеріңізге салсақ, Нұрлан Иса­­таев күні кеше Хорватия елі­нің Загреб қаласында өткен жа­­сөс­пірімдер арасындағы дзю­до­дан чемпионатта әлем чемпионы атан­ған болатын. Жарысқа жал­пы саны 64 елден 576 спортшы қатысқан. Біздің чемпион 56 келі салмақта өнер көрсетті. 

Нұрлан Исатаев жартылай фи­налға дейін Түркіменстан, Ар­мения, АҚШ спортшыларын жең­ген. Ал финалда Грузия елі­нің спортшысынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.