Су саласында жеке мемлекеттік органның құрылуын сала мамандары берісі 2000-жыл­дардан бастап көтеріп келеді.
Жасанды интеллект – өркениетті дамудың алғышарты
693
оқылды

Әрине, суды бас­қаруды жеке орган құрмай да тиімді етуге болады дегендей қарсы уәждер де болды. Бірақ су адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортасынан бастап  эко­номиканың қай саласын алсақ та, басты тапшы ресурс екенін, оны бір саланың жетегінде отырып тең үлестіріп басқарудың мүмкін емесін ескерген дұрыс. Осы тұрғыдан жеке органның құрылуы саланың дамуының алғышарты деуге болады. 

Салада кезек күттіретін мәселе қалған жоқ, ахуал солай. Оған мысал Президенттің кешегі Жолдауы, онда су тапшылығы да, трансшекаралық өзендер де, бағалау мен болжамдау да, тиімсіз су пайдалану және басқа бәрі де қамтылған.  Соның негізінде саланы басқарудың басты құралы – еліміздің су стратегиясы жасалғаны дұрыс деп санаймын.

Баянды Сахарияұлы,

Қосшы қаласы мәслихатының депутаты