Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы алдағы жос­пар­ды талқылап, бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды.
Жаңа сессияның алғашқы отырысы өтті
558
оқылды

Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауында депутаттардың алдына қойылған мін­деттерді жария етті. Оның барлығы өңірлердегі проб­лемалармен үндес екенін атап өтті. Бұл әрбір от­басының амандығы, тұрақты жұмысы, лайықты жа­лақысы, амандығы мен қауіпсіздігі, елдегі ты­ныштық, бейбітшілік пен келісім.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін жұртшылықты алаң­датқан мәселелердің бәріне нақты жауап берді. Пре­зидент азаматтарға қамқорлық жасау, олардың әл-ауқатын арттыру  мемлекеттің басты назарында еке­нін тағы да айқын көрсетті. Мәселен, келер жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шара 1,8 миллион адам­ды қамтиды, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Төрағасы бірінші кезектегі міндеттер қа­тарында отандық өндірісті дамыту, инфрақұры­лым мәселелерін шешу, халықтың қарыз жүктеме­сін азайту, зиянды еңбек жағдайында жұмыс іс­тей­тін адам­дарды әлеуметтік қолдау, Салық және бюд­жет ко­декстерін қабылдау, сонымен қатар циф­рландыру, ғы­лым мен технологияны дамыту еке­нін айтты. 

Суға қатысты мәселелерді толық шешу үшін Су ре­сурс­тары және ирригация министрлігі құрылып, кө­лік-логистикалық секторды дамыту үшін Көлік ми­нистрлігі қайта құрылады.

Мәжіліс Спикері Президенттің атом электр стан­сасын салу бойынша референдум өткізу туралы бас­тамасын стратегиялық шешімдердің бірі деп ата­ды. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып және ол бүкіл ел тұрғындарының пікірін ескере отырып ше­шілетін болады. 

– Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы алға қой­ған міндеттерді заңнамалық деңгейде сапалы әрі же­дел орындауды қамтамасыз ету. Республикалық бюд­жеттен бөлінген әрбір тиын мүлтіксіз өз мақ­са­тына жұмсалуға тиіс. Депутаттар мұны қатаң қада­ға­­лауы қажет. Заң шығару процесі азаматтық қоғам­дас­тықтың пікірін ескере отырып, ашық болуы ке­рек, – деді Спикер.

 Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Ғалымжан Еле­уовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Де­путаттар экс-мәжілісменді шығарып салып, жаңа қыз­метіне сәттілік тіледі. 

Одан соң депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұ­мысқа қабылдады. Соның ішінде 2024-2026 жыл­дарға арналған республикалық бюджет және Қа­зақ­стан Республикасының Ұлттық қорынан кепіл­ден­дірілген трансферт, қоғамдық бірлестіктер туралы, тұ­тынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жо­басы мен ілеспе түзетулер, әкімшілік әділет сала­сын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар және екі ратифика­ция­лық заң жобасы бар.